Пайдаланушы келісімі

Бұл Пайдаланушының келісімі (бұдан әрі – «Келісім») entapp.kz Веб-сайтының (бұдан әрі - «Сайт») материалдары мен сервистерін пайдалану шарттарын айқындайды.

Сайттың құқық иесі «BBMINDS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Әкімшілік) болып табылады. Электрондық пошта адресі: admin@entapp.kz ескерту.

Сайттың пайдаланушысы ретінде кез келген іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың өкілдері бола алады. Кәмелетке толмаған тұлға сайтты тек ата-анасының немесе ресми қамқоршысының (-ларының) рұқсатымен және/немесе қарауымен ғана пайдалана алады.

Сайтқа кіру немесе өзге де пайдалану, оның қызметтерін сатып алу осы шарттармен сөзсіз келісуді және оларды қабылдауды білдіреді.

ОСЫ КЕЛІСІММЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫҢЫЗ. ЕГЕР СІЗ КЕЛІСІМНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАРМАҒЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, СІЗ САЙТТЫ ОДАН ӘРІ ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТУЫҢЫЗ КЕРЕК.

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.Сайт материалдары мен сервистерін пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.

1.2.Осы Келісім жария офертасы болып табылады. Сайт материалдары мен сервистеріне қол жеткізе отырып, Пайдаланушы осы Келісімге қосылған болып саналады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395 – 399-баптарына сәйкес Пайдаланушының осы Келісімнің талаптарымен толықтай келісуі және оларды сөзсіз растауы осы құжатта баяндалған шарттар негізінде жария офертасы шартының жасалуына тең болып табылады.

1.3.Пайдаланушы сайтта жеке мәліметтерін толтыру арқылы тіркелген сәттен бастап Оферта Пайдаланушымен толық және сөзсіз қабылданған және Сайт Әкімшілігі мен Пайдаланушы арасында келісім жасалған болып саналады.

1.4.Пайдаланушының Сайтта тіркелуі оның жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруін білдіреді. Сайтта толтырылған кез келген ақпарат жалпы қол жетімді болып табылады. Тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

1.5.Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта осы Келісімнің шарттарын бір жақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Мұндай өзгерістер Келісімнің жаңа нұсқасы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Пайдаланушы енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, ол сайтқа кіруден бас тартуға және сайт материалдары мен сервистерін пайдалануды тоқтатуға міндетті.

1.6.Сайт Әкімшілігі пайдаланушыларға сайттың материалдары мен сервистері туралы, өткізілетін акциялар мен басқа да қажетті ақпаратты таратуға құқылы. Тарату sms және электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушы тіркелген кезде қажетті байланыс ақпаратын ұсынады.

2.ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

2.1.Пайдаланушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын бұзатын, соның ішінде зияткерлік меншік, Авторлық және/немесе сабақтас құқықтар саласында, сондай-ақ ақпараттық жүйенің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін жазалауды көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207-бабына сәйкес сайттың және сайт сервистерінің қалыпты жұмысын бұзуға әкеп соқтыратын немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген іс-әрекеттерді қолданбауға келіседі.

2.2.Пайдаланушы Сайтта авторлық немесе сабақтас құқықтардың бұзылу фактісіне күдіктенген жағдайда, Пайдаланушы электрондық пошта арқылы қандай да бір материалдың тиесілілігіне дәлелдеме бере отырып, бұл туралы Сайт Әкімшілігін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

2.3.Сайттың материалдары мен сервистерін құқық иеленушінің келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді.

2.4.Сайт материалдары мен қорғалатын авторлық туындыларды қоса алғанда, дәйексөздегенде сайтқа сілтеме жасау міндетті.

2.5.Сайт бойынша Пайдаланушының түсініктемелері мен өзге де жазбалары Қазақстан Республикасы заңнамасының және жалпы қабылданған мораль мен адамгершілік нормаларының талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

3.БАСҚА ШАРТТАР

3.1.Осы Келісімнен туындайтын немесе онымен байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

3.2.Пайдаланушылардың біреуі Келісім ережелерін бұзған жағдайдағы Сайт Әкімшілігінің әрекетсіздігі оның өз мүдделерін және заңнамаға сәйкес қорғалатын Сайт материалдарының авторлық құқығын қорғау мақсатында тиісті әрекеттерді кешірек қолдану құқығынан айырмайды. Пайдаланушы осы Келісімнің барлық тармақтарымен танысқанын растайды және оларды сөзсіз қабылдайды.

+7 777 571 3030