ҰБТ да кездесетін сұрақтар -9 сынып

9-сынып

1916 жылғы 25-маусымдағы патша жарлығына байланысты «жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айырылды» деп айтқан: М.Дулатұлы.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа шыққан халық ең алдымен: Отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді.

1916 жылы патша жарлығына байланысты көтеріліске шыққан халық күш біріктірді: Ұйғырлармен, қырғыздармен, дүнгендермен.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Қарқара ошағын басқанған: Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай көтерілісшілеріне қосылды: Орынбор-Ташкент темір жол жұмысшылары.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғайдағы соңғы шайқас өткен жер: Доғал-Үрпек.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қатысқаны үшін Торғайда жазаланды: 3000 адам.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жайында «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» үнқағазын шығарды: С.Ужгин.

IV Мемлекеттік Дума мінберінен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалаушыларды сынға алды: А.Керенский.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғайда көтерілісшілерді соғыс іс шеберлігіне үйретті: Н.Кротов.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай елекенін білдірді…» деп айтты: Ә.Бөкейханов.

Ә.Бөкейханов 1917 жылғы ақпан революциясы жайында «Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды» деп мәлімдеді: Минскіден.

1917 жылы тыл жұмысындағыларды Отанына қайтару туралы шешім қабылдады: Уақытша үкімет.

1917 жылғы Ақпан революциясы ұлт саясаты саласында қолдайтынын мәлімдеді: Саяси бостандықты.

Алаш қозғалысы бой көрсете бастады: 1905 жылдан.

«Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болды: 1917 жылғы сәуір, мамыр айларында.

Орынборда Жалпықазақ съезі болды: 1917 жылғы 21-26 шілдеде.

1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор Жалпықазақ съезінде: «Қазақ облыстары ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс» деп мәлімдеді.

1917 жылғы мамыр айындағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде қабылданды: Көп әйел алушылыққа, қалыңмалға.

Коституциялық монархияны орнату бағдарламасымен келіспей кадет партиясынан шықты: Ә.Бөкейханов.

1917 жылы Қоқан қаласында ашылған съезд: Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезд.

1917 жылы қарашада мұсылмандардың зор манифестациясы болды: Қоқанда.

1917 жылдың желтоқсаныда Орынборда Жалпықазақ съезінде баяндама жасады: М.Шоқай.

1917 жылы желтоқсанда Орынбор съезінің қаулысы бойынша Алашорда алуға тиіс қазақ халқының билігі: Атқарушы.

1917 жылы қазақ халқының дамуының балама жолын ұсынды: «Алаш» партиясы.

Қазақстанда Кеңес өкіметі орнады: 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін.

Ырғыз, Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады: 1918 жылдың басында.

1917 жылы қарашада кеңестер билігі орнады: Әулиеата, Черняевта.

Түркістан АКСР-і құрылды: 1918 жылы сәуірде.

Ақ легионерлер Петропавлды басып алды: 1918 жылы мамырдың соңында.

А.Дутов1918 жылы маусымда осы қаланы алумен Қазақстанды Орта Азиямен байланыстыратын теміржолды кесіп тастады: Орынборды.

1918 жылы Антантаның қолдауымен бүлік шығарған корпус: Чехословак.

Азамат соғысы кезінде Түркістан мен Қазақстанда құрылған ұлттық әскери бөлімдер: «Мұсылман бөлімдері».

Қызыл армия Орынбор мен Оралды алды: 1919 жылы қаңтарда.

Азамат соғысы кезінде Ойболысында партизан қозғалысыны басқарды: Кәкімжан Саркин.

Түркістан майданының әскерлері Атырау қаласын алды: 1920 жылы 5 қаңтарда.

1920 жылы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырау қаласын алумен жойылған майдан: Орал майданы.

1919 жылы қарашада Семейде құлатылды: Колчак өкіметі.

1919 жылы қаңтарда астық дайындау мен бөлу монополиясына енгізілді: Азық салғырты.

Азамат соғысы кезінде мұнай өндіру қысқарды: 4 есе,Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды.

Азамат соғысы кезінде Солтүстік Жетісу жерінде ерекше қаталдық көрсеткен атаман: Б.Анненков.

Бүкілресейлік Атқару Комитеті Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан, «Алашорда» өкіметінің мүшелері жазаға тартылмауы тиіс деп қаулы шығарды: 1919 жылы 4 сәуір.

1919 жылы 10 шілдеде құрылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет: Қазақ автономиясын құруға дайындық.

Қазақ АКСР-і құрылды: 1920 жылы 4 қазанда. (Орынборда)

1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-ң жоғарғы өкімет органдары: Орталық Атқару Комитеті, Халық Комиссарлар Кеңесі.

1920 жылы қазандағы съезде қабылданған құжат: «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы».

Түркістан АКСР құрамынан Қазақ АКСР құрамына берілді: Сырдария, Жетісу облыстары.

Қазақ халқының тарихи атауы қайтарылды: 1925 жылы.

ХХ ғасырдың басындағы әйелдер қозғалысының өкілдер: А.Оразбаева, Н.Құлжанова, С.Есова, Ш.Иманбаева.

1921 жылы Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты азық салғырты алмастырылды: Азық салығымен.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді: Жерді жалға беруге, жалдама еңбекті пайдалануға.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты дамыту көзделді:Тұтыну кооперациясын дамыту.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жеке адамдарға жалға берілді: Ұсақ кәсіпорындар.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты көлік және кәсіпорындар көшірілді: Шаруашылық есепке.

1920 жылы пайдалнуға берілген кәсіпорын: Шымкент сантонин (дермене) зауыты.

Индустрияландыру қарсаңында Қазақстан экономикасында үлесі басым болған сала: Ауыл шаруашылық.

Ф.И.Голощекиннің идеясына қарсы шыққандар: С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев.

Түркісіб құрылысына басшылық жасағандардың бірі: Т.Рысқұлов.

Индустрияландыру жылдары инженер-техник қызметкерлер әкелінді: Ресей, Украинадан.

Индустрияландыру барысында күшейген процесс: Қалаландыру (Урбанизация).

Индустрияландыру жылдары қала халқы көбейді: Ресей, Украинадан келген жұмысшылар есебінен.

Ф.Голощекиннің ұраны: «Ауылды кеңестендіру».

Ф.Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» ұранына қарсы шығып «ұлтшыл» деп айыпталған: С.Сейфуллин.

Ұжымдастыру қарсаңында астық дайындау барысында атылған шаруалар саны: 277.

1928 жылы байларды тәркілеу барысында алынған мал саны: 145 мың.

Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды: 1929 жылдың екінші жартысынан бастап.

1930 жылдары социализм сипат алды: Казармалық, тоталитарлық.

Репрессия кезінде жазаға ұшыраған «Алаш» партиясының қайраткері: Х.Досмұхамедов.

Карлагта азап шеккен салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы: А.Л.Чижевский.

1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болған паровоз машинисі: Л.Березняк, шахтер Т.Күзембаев.

806 шақырым болатын Ақмола-Қарталы темір жолы салынды: 1940 жылы.

Соғыс қарсаңындағы одақтағы таңдаулы қорғаныс деп танылды: Шымкент қорғасыны.

1940 жылы Қазақ КСР-і одақтағы барлық қорғасынның 87%-н берді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда 27 әскери оқу орын 16 мың офицер дайындап шықты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жабдықтарын алды: Запорожье ферроқорытпа зауытының.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы машина жөндеу зауыты жабдықтарын алды: Луганск ауыр машина жасау зауытының.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканың тамақ өнеркәсібі 14 қант зауытының жабдықтарын алды: Украинадан.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар: А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, Ш.Шолтыров.

Ұлы Отан соғысы жылдары аға лейтенант Б.Момышұлы басшылық жасады: Батальонға.

316-атқыштар дивизиясы аталды: И.В.Панфиловтың есімімен.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгерлер саны: 156.

Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанға ең жақын майдан: Сталинград.

Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия ерлік көрсетті: Сталинград түбінде.

Сталинград түбіндегі ерлігі үшін 73-гвардиялық дивизия алған құрметті атақ: «Сталинградтық».

Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде ерлік көрсеткен минометші: Қ.Сыпатаев.

Ұлы Отан соғысы кезінде Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті: Дон мен Еділ жағасында.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ партизаны: Ж.Ағаділова.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың барлығы: Ұшқыштар.

Ұлы Отан соғысы жылдарында оқушылар майдан қажетіне жинады: 4 млн сом.

Ұлы Отан соғысы жылдарында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университет студенттері жасаған танк колоннасы: «Кеңес танкі».

1943 Алматы қаласының тұрғындары ұшақ жасап берді: С.Луганскийге.

Қазақстан комсомолы қоамқорлыққа алған соғыста қираған кәсіпорын: Сталинград трактор зауыты.

Қазақстан халқы қамқорлыққа алған фашистік басқыншылықтан зардап шеккен аудандар: 45.

Соғыс қарсаңында Қазақстанға әкелінген поляктар саны: 102 мың.

Ж.Аймауытовтың шығармасы: «Қартқожа».

С.Ерубаевтың шығармасы: «Менің құрдастарым».

М.Әуезовтың драмасы: «Айман-Шолпан».

1927 жылы Әміре Қашаубаев өнер көрсеткен ел:Германия. (Майндағы Франкфурт қаласында).

1926 жылы ашылған қазақ ұлттық театрында қойылған Ғ.Мүсіреповтың пьесасы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

1930 жылдары театрлар ашылған қалалар: Семей, Қарағанды, Ақтөбе,

Шымкент, Петропавл.

1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде көрсетілген опера:

«Жалбыр».

Соғыс жылдар жазылған Ғ.Мүсіреповтың повесі: «Қазақ солдаты».

Соғыс жылдары жазылған Ғ.Мұстафинның повесі: «Шығанақ».

Соғыс жылдары Қазақстанда түсірілген кинокартина: «Абай әндері», «Саған майдан».

Соғыстан кейінгі уақыттағы республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы: Жоғарғы Кеңес.

1940-1950 жылдары әділетсіз саяси айыптауға ұшыраған қазақ зиялылары: А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайылов, І.Кеңесбаев.

Соғыстан кейінгі жылдары қуаты ұлғайтылған ферроқорытпа зауыты: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.

Соғыстан кейінгі жылдары тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар салынған қала: Жамбыл, Павлодар.

1945-1950 жылдары салынған темір жол: Мойынты-Шу.

Соғыстан кейін еңбек күшінің жетіспеушілігін жою үшін ашылды: Еңбек резервтер мектебі.

1954 жылға дейін Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды: Ж.Шаяхметов.

1954-1955 жылдары 13 миллион га жертен алынуға тиіс астық мөлшері: 1100-1200 млн пұт астық.

1954-1955 жылдары тың өлкесінде құрылған кеңшарлар саны: 337 астық кеңшары.

1956 жылы тың жерлерден жиналған астық көлемі: 16 млн т.

Күріштен рекордтық өнім жинады: Ыбырай Жақаев.

1940-1950 жылдары пайда болған қалалар саны: 15.

1958 жылдың соңына дейін Теміртау металлургия комбинат құрылысына келген адамдар саны: 132 мың.

ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы Теміртаудағы наразылықтың себебі: Әлеуметтік жағдай.

1959 жылы қала халқының үлесі: 44%.

1959 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі: 29%.

Семей облысы «Қарақол» кеңшарының шопаны: С.Әбжанов.

1952 жылы Қазақ драма театрында В.Голубович қойған М.Әуезовтың драмасы: «Абай».

1950 жылдары ірі экологиялық дағдарыс көрініс берген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент.

Ауыл шаруашылыққа айтарлықтай ықпал еткен шешімдер қабылдаған компартия пленумы: 1965 жылғы наурыз.

Даман аралында, Жалаңашкөл маңында Қытай әскерлері мен қақтығыс болды: 1969 жылы.

1970 жылға қарай республикадағы жергілікті ұлт үлесінің жоғарылау себебі: Туу көрсеткішінің жоғарылауы.

Азық-түлік бағдарламасы қабылданды: 1982 жылы.

Желтоқсан оқиғасы кезінде өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды: Қ.Рысқұлбековтың.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер: 2 адам.

КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтың нұсқауы бойынша Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақпарат құралдар түсіндірді: «Ұлтшылдық».

1988 жылдары ақталды: Алаш қайраткерлері.

1990 жылдары Қазақстанда құрылған немістердің ұйымы: «Видергебурд».

1989 жылы шілдеде Қарағанды кеншілерінің ереуілі кезінде қойылған саяси талап: Семей полигонындағы жарылысты тоқтату, Одақтық министрліктің монополиясын жою.

1989 жылғы маусым айындағы Жаңаөзен оқиғасы: Ұлтаралық қақтығыс.

ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы экономикалық өзгеріс: Нарықтық қатынасқа көшу.

1991 жылғы тамызда Мәскеуде ТЖМК-ң құрылуы: Мемлекеттік төңкеріс.

1992 жылы шілде айында қабылданған Заң: «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы».

«Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы» қаулы қабылданды: 1992 жылы 2 шілдеде.

«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заң қабылданды: 1992 жылы тамызда.

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексі қабылданды: 1993 жылы 9 желтоқсанда.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен мәслихатына сайлау өткізу белгіленді: 1994 жылы 7 наурызда.

Қазақстан Республикалық Партиясы құрылды: «Азат» қозғалысы аясында.

Қазақстан Халық Бірлігі Одағы құрылды: 1993 жылы ақпанда.

Қазақстан Халық Бірлігі Одағыгың жетекшісі ретінде танылды: Н.Назарбаев.

1994 жылы 7 наурызда сайлау бойынша ең көп дауыс алды: ҚХБО.

1995 жылы тамызда қабылданған Контитуцияда тәжірибесі ескерілді: Францияның.

Республикада егіс алаңын 6 млн гектарға дейін қысқартты: 1994 жылы.

Жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды: 1993 жылдың соңында.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң күшіне енді: 1998 жылы 1 қаңтар.

Тұрғын үй бағдарламасы қабылданды: 2000 жылы.

Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше болды: 1992 жылы наурызда.

Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың күзінде іссапармен барды: Германия мен Францияға.

1999 жылғы сәуірдің 13-23 аралығында ЮНЕСКО-ң Париждегі штаб-пәтерінде «Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге» атты көрме арналды: Қ.И.Сәтбаевқа.

Әлемдік және дін басшыларының І съезі өтті: 2003 жылы, ІІ съезі өтты: 2006 жылы.

Ә.Нұрпейісовтың Арал және ондағы адам тағдыры ткралы романы: «Соңғы парыз».

Е.Рахмадиевтың жанр табысы деп танылған опера: «Абылай хан».

«Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды: 2004 жылы.

Мәдениет жылы: 2000.

Добавить комментарий