ҰБТ да кездесетін сұрақтар -8 сынып

8 сынып

Омбы бекінісі салынды: 1716 жылы.

Павлодар бекінісі салынды: 1720 жылы.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін ұйымдастыруда ерекше көзге түскен мемлекеттік қайраткер: Әбілқайыр.

Севан-Рабданның қазақ жеріне жасаған шабуылы сәтсікпен аяқталды: 1713 жылы.

1723 жылы Жоңғария бейбіт қарым-қатынас орнатты: Цинь империясымен.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүз рулары ойысты: Торғайға.

«Қалмаққырылған» шайқасы өткен жер: Қарасиыр.

Қалмаққырылған шайқасы кезіндегі қазақ қолының саны: 60 мың.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының рухын көтерген жеңіс: «Қалмақырылған».

Аңырақай шайқасында қазақ қолына басшылық жасады: Әбілқайыр.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске (Аңырақай шайқасы) белсене қатысқан сұлтан: Барақ.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде билікке таласып Кіші жүз әскерін бастап Әбілқайыр қайтып оралды: Қазақстанның солтүстік-батысына.

1734 жылы Ресей өкіметі Қазақ жеріне ұйымдастырған экспедиция: «Қырғыз-қайсақ».

1734 жылғы Ресей өкіметінің қазақ жеріне ұйымдастырған «қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаты: Қазақ жерінің табиғат байлықтарын игеру.

Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің оңтүстік-шығысы ықпалында болды: Батыр сұлтанның.

Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің солтүстік-батысы ықпалында болды: Нұралы ханның.

Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды: 1758 жылы.

Петропавл қамалы салынды: 1752 жылы.

Әмірсана Маньчур әскерімен Жоңғарияға басып кіреді: 1755 жылы.

Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскері Қазақ жеріне басып кіреді: 1757 жылы.

Абылай хан Маньчжур-Цинь билеушілерімен келісімге келу арқылы қайтарып алған өңір: Тарбағатай.

Абылай ірі ұлыстарды билеуге тағайындады: Сұлтандарды.

Абылай қызметіне шек қойды: Билердің.

Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батыры: Шарыш.

Абылай туралы жазған орыс ғалымы: А.Левшин.

1773-1775 жылғы Е.Пугачев бастаған көтерілістің ерекшелігі: Башқұрт, татар, қазақ халқының қатысуы.

1773-1775 жылғы Е.Пугачев бастаған көтерілісті қолдаған сұлтандар: Ералы, Досалы, Айшуақ.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған уақыт: XVIII ғасырдың аяғы.

Кіші жүздегі хандық биліктің әлсірей бастауының көрінісі: Нұралы бастаған сұлтандардың Орынбордан жалақы алып тұруы.

Сырым Датұлын қолдаған сұлтан: Жантөре.

Сырым датұлы көтерілісі кезінде Кіші жүзде қатарынан екі хан билік жүргізді: Қаратай, Айшуақ.

1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтірді.

XVIII ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді: Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі.

XVIII ғасырда қазақ жерін зерттеген ғалымдар: Г.Миллер, П.Рычков.

«Сібір тарихының атасы» атанған Г.Миллердің еңбегі: «Сібір тарихы».

XVIII ғасырда зерттеуші И.Г.Андреевтің еңбегі: Орта жүз туралы.

Қазақстанды зерттеу экспедициясына қатысқан шетел саяхатшылары: И.Фальк, И.Георги.

XVIII ғасырдағы әдебиеттегі басты тақырып: Қазақ-жоңғар қақтығысы.

Жауғашар, Бекболат би, Бөгенбай батырларға жыр арнаған: Үмбетей.

Қалқаман батырдың баласы, атақты жырау: Бұқар жырау.

Орта жүздің соңғы ханы: Уәли.

1822 жылғы Жарғы бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторының алғашқы орталығы болған қала: Тобыл.

1822 жылғы Жарғы бойынша енгізілді: Округтік басқару.

ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары құрылған округтер: Көкпекті, Алатау.

Ақмола округі құрылды: 1832 жылы.

1822 жылғы Жарғы бойынша биліктен шеттетілді: Сұлтандар.

1822 жылғы Жарғы бойынша Сібір қазақтарын билеу жүктелді: Шекаралық басқармаға.

ХІХ ғасырдың 20-жылдардағы реформа артықшылықтарына шек қойды. Ақсүйектердің.

Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы 1824 жылы лауазымды қызметке тағайыдалды: Шекаралық комиссияға.

1822 жылғы Жарғы бойынша қазақтар: Дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылды.

ХІХ ғасырдың 20-жылдардағы реформа қолданылды: ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасына дейін.

1804-1815 жылдары Бөкей Ордасы қазақтарынан сатып алған жылқы саны: 48 мың.

1812 жылғы Отан соғысында қазақтар шайқасқан құрама: Башқұрт, тептяр.

1812 жылы майдан қажетіне Риддер, Зыряновск кеніштері өндірді: Мыс, қорғасын.

1812 жылғы Отан соғысы кезінде майданға бір миллион пұт тұз жіберді: Елтон кәсіпорны.

1812 жылғы Отан соғысына қазақтар қатысты: Ерікті түрде.

1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін хорунжий атағын алған жауынгерлер: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.

1812 жылғы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан жасауыл: Ықсан Әубәкірұлы.

1812 жылғы Отан соғысында Лейпциг және Глагоу қалаларына жасаған шабуылға қатысқан жауынгерлер: Жанжігітұлы, Байбатырұлы.

1812 жылғы Отан соғысында Кутузовтың қолынан нағрада алған жауынгер: Яков Беляков.

Кенесары Қасымұлының туған жылы: 1802 жыл.

Кенесары Қасымұлы қозғалысының мақсатттарының бірі: Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

Кенесары бастаған көтеріліске қатысты: Қазақ, орыс, өзбек, қырғыз.

1838 жылы Кенесарыдан Ақмола бекінісін қорғауған сұлтан: Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы.

1845 жылы Кенесары көтерілісі кезінде патша үкіметі бекіністер салды: Ырғыз, Торғай өзендері бойына.

1845 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілер басып алған Қоқан хандығының бекінісі: Созақ, Жүлек, Жаңақорған.

Кенесары басқарғанкөтерілістің соңғы шайқасы өткен жер: Қырғыз жері, Кекілік сеңгір.

1847 жылы Қырғыз жеріндегі соңғы шайқаста Кенесарыдан бөлініп кетті: Рүстем сұлтан, Сыпатай би.

Бөкей Ордасының ханы Жәңгір жас кезінде тәрбиеленді: Астрахан губернаторының үйінде.

Жәңгір хан меңгерген тілдер: Парсы, орыс, араб.

Бөкей ордасындағы шұрайлы жерлерді иеленген орыс помещиктері: Юсупов, Безбородко.

Исатай Тайманұлының серіктері: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы, Иманбай Қандыбайұлы.

Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісшілердің саны екі мыңға жетті: 1837 жылы қазан айында.

1837 жылы қараша айында Исатай Тайманұлы бастаған жазалаушы отрядпен шайқасқан жер: Тастөбе.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер Жаманқала бекінісіне жақын жерде Жайықтан шығысқа өтіп үлгерді: 1837 жылғы 13 желтоқсанда.

Исатай Тайманұлының Кіші жүз жеріне өте тұстас келді: Кенесары Қасымұлы көтерілісімен.

1842 жылы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтеріліс бағытталды: Жәңгір ханға.

1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтерілістің маңызы: Жәңгір сарайының салықты көтеруіне шек қойды, патша үкіметі көтерілісті қолдаған старшындармен санасуға тура келді.

ХІХ ғасырдың І жартысында Қуаңдария бойына бекініс тұрғызған хандық: Хиуа.

1845 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қол екі мыңдай хиуалықтарды жеңеді.

1856 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы қоршауға алған порт: Қазалы.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс бағытталды: Хиуа мен Ресейге.

1857 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілер саны жетті:5000 адамға.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілісті басу үшін патша үкіметі жібірген отряд басшысы: Майор Фитингоф.

1860 жылы Жанқожа бастаған көтеріліс: Жеңілді.

ХІХ ғасырдың ортасындағы Қоқанға қарсы өзінің тегеурінділігі мен ұйымдасуы ірі халықтық қозғалыс: Шымкенттен Мерке мен Пішпекке дейінгі аймақты қамтыған көтеріліс.

ХІХ ғасырда Орта жүз бен Ұлы жүз жапсарында салынған Ресей бекіністері: Ақтау, Алатау, Қапал, Аякөз,

1851 жылы шілденің 7-сінде қоқандықтықтардың бекінісі Таушүбекті алған отряд: Карбышев отряды.

1853 жылы Ақмешіт бекінісін басып алды: В.А.Перовский.

1855 жылы Верныйға 400 отбасы келіп қоныстанды: Сібірден.

1860 жылы 26 тамызда Ресей әскері басып алған бекініс: Тоқмақ.

1860 жылы бес күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқанның Жетісудағы тірегі болған бекініс: Пішпек.

1873 құлаған хандық: Хиуа.

1841 жылы Кіші Ордада татарша, орысша мектеп ұйымдастырды: Жәңгір хан.

1879 жылы ашылған Азиялық училищеде оқытылған тілдер: Монғол, маньчжур, қытай, парсы.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына жанашырлық білдірген орыс жазушысы: В.И.Даль.

А.С.Пушкиннің Орал жерінде болған кезде жазған шығармасы: «Капитан қызы».

Махамбет Өтемісұлы тәрбиесінде болған Жәңгір ханның ұлы: Зұлқарнай.

Поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуге көмектескен ақын: Махамбет.

Махамбет, Шернияз ақындар қатысқан көтеріліс: 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері бөлінеді: 6 облысқа.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының құрамына кірген уездер: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Торғай облысының құрамына кірген уездер: Елек, Ырғыз.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысының құрамына кірген уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Жетісу облысының құрамына кірген уездер: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.

1867-1868 жылдардағы реформа бойыншаПавлодар уезі кірді: Семей облысына.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ең төменгі басқару буыны: Ауыл.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша болыс және ауылнайлар іріктелді: Жергілікті ақсүйектерден.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ауылдық және болыстық старшындарға билік көрінісі ретінде берілді: Қоладан құйылған арнайы белгі және мөр.

Орал, Торғай облыстарында реформа ауыртпашылығына қарсы күрес болды: 1868-1869 жылдары.

1868-1869 жылдардағы Оралдағы көтерілісті басуға жіберген отрят: Рукин басқарған отряд.

1868-1869 жылдардағы Орал, Торғайдағы көтеріліске басшылық жасағандар: Ханғали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, Рысқұлұлы, Досұлы.

1870 жылы Маңғыстау түбегінде көтеріліске шыққандар: Адайлықтар.

1870 жылы Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы басқарған 200-ге жуық көтерілісшілер жазалаушыларға шабуыл жасады: Бозащы түбегінде.

1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс кезінде «флотилия» құраған көтерілісшілердің саны: Он мың.

1870 жылы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен жалдама жұмысшылары шабуыл жасаған форт: Александровск.

1870 жылы Маңғыстау көтерілісін басылған соң патша әскері өлкеден кетпеді: Үш ай бойы.

1861 жылғы 19 ақпандағы патша үкіметі қабылдаған «Ереже»: Шаруалардың басыбайлылығын жойды.

1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданды: Г.А.Колпаковский ұсынысына сай.

«Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өзі еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде заң қабылданды: 1889 жылы 13 шілдеде.

ХІХ ғасырдың соңында 300-400 жұмысшысы бар ірі кәсіпорындар: Успен кеніші, Қарағанды көмір кеніші, Екібастұз, Риддер және Спасск мыс кәсіпорны.

ХІХ ғасырда шетелдіктерге сатылған кәсіпорнын: Қарағанды көмір кеніші.

ХІХ ғасырда АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция т.б. өнеркәсіп иелерінің қолына акциясы сатылған кәсіпорын: Спасск мыс кеніші.

«Орыстың сауда өнеркәсіптік банк» бөлімшелері: Қазақстан қалаларында ашылды: ХХ ғасырдың басында.

ХІХ ғасырда Атбасар жерінде жұмыс істеген жәрмеңке: Петровка.

ХІХ ғасырдағы Орал облысындағы жәрмеңке: Ойыл.

ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Шыңжаңмен саудаға тартылған Жетісудағы қоныстар: Қапал, Верный.

1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев, инженер Поклевский кеме алдырды: Англиядан.

ХІХ ғасырдың соңында Қытайдан Қазақстанға әкелінетін негізгі тауар: Шай.

ХІХ ғасырда Шығыс Түркістан сауда әлеміне белгілі болған қазақ көпестері: Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Жақыпұлы.

1891 жылы қабылданған «Ереже» бойынша Жетісу облысы кірді: Дала генерал-губернаторлығына.

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы реформа бойынша облыстық орталықтарда құрылды: Полиция басқармалары.

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы реформа бойынша уездік қалаларда құрылды:Полицейлік приставтық.

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аудару процесі созылды: 1881 жылдан 1884 жылға дейін.

Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, әні мен биі жөнінде терең ой-пікірлерін білдірді: Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский, В.И.Роборовский.

«Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінің авторы: М.Красовский.

1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының бөлімдері ашылған қалалар: Орынбор, Омбы, Семей.

Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен өңірлер: Құсмұрын, Сырымбет.

Ш.Уәлиханов назар аударған қырғыздардың тамаша шығармасы: «Манас».

Ш.Уәлиханов қайтыс болды: Тезек төренің ауылы.

ХІХ ғасырда ақысыз пайдаланатын кітапханалар ашылған қалалар: Торғай, Орынбор.

1879 жылы мұғалімдер институты ашылды: Ташкентте.

1870 жылғы арнайы ережесі бойынша мешіттердің жанынан ашылған мектептерде оқыту міндетті деп танылды: Орыс тілі.

ХІХ ғасырда қазақ балалары білім алған Ресей қалалары: Қазан, Томск, Петербург.

Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді: 1857 жылы.

Ыбырай Алтынсарин меңгерген тілдер: Орыс, араб, татар, парсы.

Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған мектептер: Қолөнер, ауылшаруашылық.

Ыбырай Алтынсаринның оқу құралы: «Қырғыз хрестоматиясы».

ХІХ ғасырда қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін қалады: Ы.Алтынсарин.

Абай Құнанбайұлының Пушкиннен аударған шығармасы: «Евгений Онегин».

Тәттімбет Қазанғапұлының күйі: «Саржайлау», «Былқылдақ».

Құрманғазы Сағырбайұлы туған жер: Жиделі.

Құрманғазы Сағырбайұлы ұстаздары: Байбақты, Баламайсан, Байжұма.

Құрманғазы Сағырбайұлы шәкірттері: Дина, Ерғали Есжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы.

Дәулеткерей Шығайұлының күйлері: «Желдірме», «Тартыс».

Біржанның әндері:«Ғашығым», «Айтбай».

Жаяу Мұсаның туған жері: Баянауыл өңірі.

Жаяу Мұсаның туған жылы: 1835 жыл.

Жаяу Мұсан генерал М.Г.Черняевтың отрядында қатысқан жорық: Шымкент, Әулиеата.

Жаяу Мұса болған шетел: Польша, Латвия.

Жаяу Мұса болған Ресей қаласы: Қазан.

Ақан сері өмір сүрген жылдар: 1843-1913 жылдар.

Жер аударылғандардың бастамасымен ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында кітапханалар ашылған қалалар: Верный, Орал, Омбы, Семей.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезінде Успенде құрылған «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағының» белді мүшелері: П.Топорнин, Л.Байшағыров.

1905 жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар митингісі өтті: Павлодарда.

1906, 1910 жылдардағы Столыпин аграрлық реформасының сипаты: Аграрлық.

М.Дулатұлының 1910 жылы Қазанда жарық көрген романы: «Бақытсыз Жамал».

М.Дулатұлының 1911 жылы Орынборда жарық көрген өлеңдер жинағы:«Оян, қазақ!».

1905-1907 жылдардағы революция кезінде ұлт мүддесі үшін күрескен қазақ зиялыларының аса көрнекті өкілі: Ә.Бөкейханов.

ХХ ғасырдың бас кезінде кітап басып шығару ісін қолға алынған қалалар: Семей, Орал, Омбы, Орынбор.

ХХ ғасырдың басында қазақ кітаптарын басып шығару ісіне үлес қосқан Ресей қалалары: Петербург, Ташкент, Қазан.

С.Торайғыровтың шығармалары: «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір».

Бейімбет Майлинның шығармасы: «Шұғаның белгісі».

А.Байтұрсынұлының шығармалары: «Маса», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген».

Ш.Құдайбердіұлы меңгерген тілдер: Араб, парсы, түрік.

ХХ ғасырдың басында демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ: Ш.Құдайбердіұлы.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі: Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

Патша үкіметінің 1906 жылы қабылданған оқу-ағарту ережелері: Орыс-қазақ мектептері кеңейді.

Добавить комментарий