ҰБТ да кездесетін сұрақтар -7сынып

7 сынып.

Түрік қағанаты құрылды: VI ғасырдың ортасында.

Түрік қағанаты күшейе бастады: Аварларды талқандаған соң.

Аварларды талқандаған түрік қағандары: Бумын, Мұқан.

552-554 жылдары билік құрған Түрік қағаны: Мұқан.

Қытайлар жылына 100 мың тең жібек матасын төлеп тұрған Түрік қағаны: Мұқан.

Мұқаннан кейінгі Түрік қағаны: Тобо.

Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті: VI ғасырдың 70-жылдарында.

Түрік қағанаты эфталиттерді бағындырды: 563-567 жылдары.

Түрік қағанаты ыдырады: VII ғасырдың басында.

Батыс Түрік қағанатының солтүстік-батысындағы шекарасы: Еділ, Кубань өзендерінің төменгі ағысы.

Батыс Түрік қағантының алғашқы кездегі қағаны: Тардуш (Дато).

Батыс Түрік қағанатында селифтер есеп беріп отырды: Жасауылдарға.

Батыс Түрік қағанатында дулулар мен нушебилер арасындағы тартыс: 640-657 жылдары.

634 жылы Батыс Түрік қағанатында нушебилердің қолдауымен билікке келген: Ешбар Елтеріс.

VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында Таң империясына нәтижелі соғыс жүргізген түргеш тайпасының қағаны: Үшлік.

704 жылы Үшлік жеңеді: Қытайларды.

Шығыс түріктер Монғолияда өзі мемлекетін қалпына келтіреді: 682 жылы.

Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Елтеріс Құтлық.

Шығыс Түрік қағанаты өмір сүрді: 682-744 жылдары. (Орталық Азия, Шығыс Түркістан).

Шығыс Түрік қағанатын дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізген қағандар: Білге қаған, Күлтегін.

Түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатқан Шығыс Түрік қағанатының даңқты қолбасшысы: Тоныкөк.

Батыс Түрік қағанатында жергілікті жердегі қағанның негізгі тірегі: Бектер.

Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрін өтеді: Әскери міндетті атқарушы майданнның алғы шебіндегілер.

Батыс Түрік қағанатында іс-қағаз құжаттарында ролі басым болды: Соғдылықтардың.

Түріктер жаппай отырықшылана бастады: VII ғасырдың басында.

Түріктер қала жұрттарынан көзелер табылды: Қытай мен Византияның.

Түргештер туралы алғашқы дерек: «Күлтегін».

Түргеш қағаны Сұлу орданы көшіреді: Тараз қаласына.

Түргеш қағанаты кезінде Жетісу жеріндегі ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысқан: Шығыс Түрік қағанаты.

Сұлу қаған 717 жылы сәтті сапар жасады: Тан империясына.

Сұлу қаған шығыстағы саяси жағдайын жақсартады: Шығыс Түрік қағаны және Тибет патшасымен құда болу арқылы.

Сұлу қаған арабтарға қарсы күресін пайдаланды: Орта Азиядағы халықтардың.

Түргеш қағанатының тәуелсіздігін ұстап отыру үшін үш жақты күрес жүргізген қаған: Сұлу.

Сұлу қаған 737 жылы Тоқарстанда арабтарға соққы беруде бірлесті: Қарлұқтармен.

Навакет қаласында қолбасшы Баға тарханның опасыздығынан қаза болады: Сұлу қаған.

720-721 жылы Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып жеңіске жеткен Сұлудың әскербасы: Құли шор.

Сұлудың орнына Түргеш қағаны болды: Тұқарсан Құтшар.

Түргеш қағанатының әлсіреу себебі: 20 жылға созылған сары және қара түргештердің арасындағы тала-тартыс.

748 жылы Түргеш қағанатының астанасы Суябты жаулап алады: Қытай империясы.

Түргеш қағанаты әлсіреді: Жыпыр қағанның (749-753 жж) кезінде.

704-756 жылдар аралығында Таразда соғылған теңге: Түргеш теңгесі.

Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық: Соғдылар.

Соғдылардың ежелден мекендеген өңірі: Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабы.

VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударғандар: Соғдылықтар.

VII ғасырда Жетісуда болған қытай саяхатшысы Сюань Цзянь жазбасы бойынша Соғды аталған ел: Шу өзенінен Кушанияға дейін.

«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазды: Махмұд Қашқари.

Қарлұқ қағанаты өмір сүрді: VIII-X ғасырлар аралығында.

Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі жайлы мәлімет кездеседі: Араб-парсы деректерінде.

Араб тарихшысы әл-Марвазидың хабарлауынша қарлұқтардың құрамында болған тайпа саны: Тоғыз.

Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері: Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық.

Қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында болғандығы жайлы дерек: «Күлтегін».

Самани әулеті «ғазауат соғысын» жариялап басып алған қала: Испиджаб.

Саманилер қарлұқтардан басып алған қала: Тараз.

Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек-шонжарлары тұрған екінші астанасы: Баласағұн.

Саманилерге қарсы күресті жүргізген Білге Күл Қадыр ханның балалары: Базар Арслан, Оғұлшақ.

940 жылы Баласағұн қаласынбасып алып, Қарлұқ қағанатын талқандайды: Қашғардың түрік билеушілері.

Сатұқ Боғра ханның кезінде ислам дінін қабылдай бастайды: Қарлұқтар.

Мал шаруашылығымен айналысатын қарлұқтар жайлады: Алтай, Жоңғар Алатауларын.

Аталар зиратының басына тастан жасалған балбал мүсіндер қою кең тараған: Қарлұқтарда.

VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары құрамында болды: Түрік қағандығының.

Оғыз сөзінің пайда болу мағынасы: «Уыз» сөзі, «садақтың оғы».

Оғыздар Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығын айтқан: Махмұд Қашқари.

Оғыздардың құрамына кірген Сырдария, Арал маңының, Каспий бойындағы тілі жағынан түріктене бастаған тайпалар: Үнді-еуропалықтар, финн-угорлар.

Қытай деректері бойынша оғыздардың құрамындағы тайпалар: Байандүр, имур, қайлар.

Оғыздарда жабғу әйелдеріне берілген атақ: «Қатын».

Оғыз қоғамындағы рөлі зор болған: Әскербасылар.

Оғыз шонжарларының кеңесі: «Қаңқаш».

«Оғыз қаған Ұлығ құрылтай шақырды» деп жазылған: «Оғызнама».

Оғыздарда жабғу сайлағанда артықшылыққа ие қаған ұлдары: «Боз оқ».

Оғыздардың құрамындағы тайпалық және рулық бөлімшелер: «Бой», «оба», «көк».

Оғыздар жеңіп, өздеріне қаратқан Еділ мен Жайық аралығындағы тайпа: Печенегтер.

Оғыздарды қызықтырған Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолы: Маңғыстау мен Үстірт, Еділ бойымен өтетін.

985 жылы оғыздармен одақтасып бұлғарларға жорық жасаған орыс кінәзі: Владимир.

Оғыздардың жағдайының нашарлағанын пайдаланып салжұқтар басып алған қала: Жент.

Оғыз мемлекетін құлатты: Қыпшақтар.

Оғыздар мал өнімдерін айырбас саудада пайдаланды: Орта Азия, Қытаймен.

Оғыздардың отырықшылықта болғандығын дәлелдейтін қалалар: Жанкент, Жент, Жуара.

Махмұд Қашқаридың жазбаларындағы оғыздардың Сырдарияның орта ағысындағы қалалар: Сүткент, Фараб, Сығанақ.

«Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді…қару, жебе, ер-тұрман, қорамсақ, найза жасайды» — деп жазған: әл-Жахиз.

VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар көшеді: Алтайдың солтүстігі, Ертіс өңірі.

Парсы тарихшысы Гардизидің жазуынша қимақтардың құрамындағы тайпа саны: Жеті.

Қимақтардың Қазақстан жеріне қоныстана бастағаны туралы айтылады: Араб жазбаларында.

766-840 жылдары қимақтар қоныстанады: Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатына.

840 жылы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін қимақ тайпалар бірлестігіне енген тайпалар: Эймур, байандур, татар.

Қимақ қағанаты алып жатқан территория: Қазақстанның солтүстік-шығысы, орталық аймағы.

Қимақ қағанатында қағаннан екі саты төменгі атақ: «Ябғу».

Қимақтардың жеке тайпа көсемдері: «Шад-түтік».

Қимақ шонжарларына берілген атақ: «Ұлы қаған», «кіші қаған», «ябғу шад».

Малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ қимақтарды Махмұд Қашқаридың айтуынша: «Жатақтар» деп атаған.

Қимақтар басып алған Шығыс Түркістандағы тоғыз-оғыздардың шекаралық қаласы: Жамлекес.

«Шаруалар өзі мырзаларының малын бақты, … қысқа арнап қимақтар қой, жылқы етін сүрлеп алады» — деп жазды: Гардизи.

Қимақтарда жерлеуге байланысты салт: Мәйітті өртеген.

ІХ-Х ғасырларда қимақтар ежелгі түрік жазуымен жазғандығын көрсетеді: Қола айналардағы жазу.

Ибн Хақан әл-Қимақи атанған қимақ қағаны: Жанақ.

Иран, Византия елдеріне елші жіберген түрік қағаны: Иштеми.

Сырдария бойынан табылған теңгелер: Кангу Тарбан бірлестігінің.

Дың ескерткіштерінің басым болған кезі: Қарлұқ қағанатының дәуірі.

Дың құрылыстарының көп сақталған жылы: Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау.

Балбал тастардың орхон жазуындағы атауы: «Балбық».

Балбал тастар көпкездесетін өңір: Орталық Қазақстан, Жетісу.

Көне түрік жазуы: Руналық.

«Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы елде, жиырмала (елі)» — деген жазу кездеседі: «Талас» жазуында.

Көне түрік жазуы бүкіл халық игілігіне айналған уақыт: VIII-IX ғасырлар.

Түрік жазуымен қатар қолданылған жазу: Соғды жазуы.

Түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келген уақыт: VIII ғасырда.

«Оғызнама» парсы тіліне аударылды: VI ғасырда.

«Оғызнама» ІХ ғасырда араб тіліне аударылды.

ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында «Оғызнаманың» ескі нұсқасын жазып қалдырған тарихшы: Рашид ад-Дин.

Х ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде өмір сүрген мемлекет: Қарахан.

Қарахан мемлекеті осы қағанаттың ыдырауы негізінде құрылды: Қарлұқ.

Саманилерден қолдау тауып Оғұлшақты жеңіп Қархан мемлекетін құрады: Сатұқ Боғра.

Қарахан мемлекетінің құрылуына басты рол атқарған тайпа: Қарлұқ.

Қарахан мемлекетінің ханның ұрпақтары: Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер.

Қарахан мемлекетінде хан кеңесшісі қызметін атқарды: Уәзірлер.

Қарахан мемлекетінде жер иеленушілер: «Иқтадар».

Қарахан мемлекетінде әлсіз адам өзі жерін күштінің қамқорлығына беру дәстүрі: Коммендация.

Мұсаның кезіндегі Қарахан мемлекетінің орталығы: Қашғар.

Самани әулетіндегі қайшылықтарды пайдаланған Хасан-Боғра хан басып алған қала: Испиджаб.

Қарахандар басып алған самани әулетінің астанасы: Бұхара.

Бітім бойынша қарахандардың бүкіл Сырдария бойындағы билігі мойындаған: Газнауилер.

Насыр ибн Әли 999 жылы басып алған қала: Бұхара.

Қарахан мемлекетінің Шығыс хандығының алып жатқан жері: Жетісу, Шығыс Түркістан.

Қарахан мемлекетінің батыс хандығының алып жатқан жері: Мауараннахр.

Қарахан мемлекетінің Батыс хандығының астанасы: Самарқан.

1089 жылы Салжұқ сұлтаны Батыс хандықтың астанасы Самарқанды басып алады.

Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез: ХІІ ғасырдың ІІ жартысы.

Найман хандары: Наркеш Дайын, Инанч-білге, Даян, Бұйрық, Күшлік.

Найман мемлекетінің дами бастаған уақыты: Наркеш Дайынның кезі.

Халықты бейбіт өмірге тартқаны үшін Инанч-білгеге халықтың берегн атауы: Білге хан.

Найман мемлекетінде билік үшін таласқан хандар: Бұйрық, Даян хандар.

Наймандарға қарсы одақ құрған: Шыңғыс хан мен керейіттер ханы Ван.

Шыңғыс ханға қарсы 1201 жылы одақ құрып, құрылтайға жиналған: Қырғыз, меркіт, найман.

Шыңғыс хан наймандарды біржолата жеңеді: 1204 жылы.

Керейіт тайпалары мекендеген жерлер: Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойы.

Керейіт мемлекетінің орталығы Битөбе орналасқан жер: Хантәңірі тауының шығысы.

Керейіт ханы Торының жайлауы орналасқан жер: Улан-Батор қаласының орны.

ХІ ғасырдың екінші жартысында Керейіт хандығының құрамына кірген аймақ саны: Сегіз.

Керейіт хандары: Маркуз, Құршақұз, Торы, Сарық.

Керейіт хандығының орталығы ауысқан Орхон зенінің бойындағы қала: Қарақорым.

Керейіт мемлекетін оң, сол, орта бөліктерге бөлген хан: Құршақұз.

«Егер олар бір-біріне жақын тұрса – тебіседі, ал алыста тұрса — кісінеседі» деп балаларының бір-бірінен алыста жүруін қалаған Керейіт ханы: Құршақұз.

Шыңғыс хан керейіттерді басып алады: 1202 жылы.

Орта ғасырлардағы жалайырлар туралы деректер кездеседі: Монғол шежіресінде.

Жалайырлар мекендеген өңірі: Селенгі, Хилок, Орхон өзенінің бойы.

Жалайыр тайпасынан шыққан Шыңғыс ханның ең жақын адамы, ақын, шешен, батыр: Мұқылай.

1201 жылы Аргун өзенінің бойында жалайырлардың «гурханы» жарияланып таққа отырған: Жамұқа.

Шыңғыс хан керейіт ханы Торымен одақ құрып жеңеді: Жамұқаны.

Жалайырларды Шыңғысханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді: Әбілғазы «Түрік шежіресі».

Жалайырлар туралы дерек келтіреді: Қадырғали Қосымұлы Жалайри.

ХІІ ғасырдың 30-жылдарында Жетісуға шығыстан басып кіреді: Қарақытайлар.

1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында салжұқтар мен қарахандар әскерін жеңеді: Қарақытайлар.

Қарақытайлардың ішкі басқару жүйесіне араласпауын пайдаланып Самарқан, Бұхара, Үзкент қалаларына ықпалын күшейткен: Қарахандықтар

Қарахандықтар төл ақшаларын шығарған қалалар: Самарқан мен Үзкент.

Қарахан ханы шығыстағы шекарасын қорғау қызметін тапсырды: Қарақытайларға.

1125 жылы Жетісуға басып кірген қарақытайлар Баласағұн қаласына жақын жерде құрады: Ғұз ордасын.

1155 жылы Қарақытай мемлекетінде билікке келген Елюй Дашының қызы: Бұсұған.

Қарақытайларда үлестік жерлерді иеленушілердің қолында болды: Арнаулы грамоталар.

1137 жылы Ходжент жананыда Қарахан әскерлеріне ойсырата соққы береді: Қарақытайлар.

Қарақытайларға жылына 3000 алтын динар төлем тұруға мәжбүр болады: Хорезмшах.

Қыпшақтардың этникалық құрамы құрыла бастады: VII-VIII ғасырларда.

Қыпшақтардың он бір тайпадан тұратын бірлестігі: Батыс.

Қыпшақтардың он алты тайпадан тұратын бірлестігі: Шығыс.

Қыпшақтардың тоқсоба тайпасы – «тоғыз тайпалы», дурут тайпасы – төрт тайпа, йетиоба тайпасы – жеті тайпа деген мағынаны білдіреді.

Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі: Бөрілер.

Қыпшақ хандары сайланып отырды: Елбөрілі тайпасынан.

Елбөрілі тайпасын хандар әулетінің тайпасы деп жазған: Жүзжани.

ХІІ ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңында билік жүргізген кезде олардың құрамына енген тайпалар: Қаңлы, қарлұқ, жікілдер.

Қыпшақтардың әскери басқару жүйесі бөлінді: Оң және сол қанатқа.

Қыпшақ ақсүйек шонжарларының қатарына жататындар: Тархандар, басқақтар, бектер.

ХІ ғасырда қыпшақтардың билігінде болмаған өлке: Жетісу.

Қыпшақтар Еділ өзеніне дейінгі жерлерді иеленеді: Оғыздарды жеңгеннен кейін.

Дунай бойына барып қоныстанған тайпаларды венгрлер атады: «Кундар», «командар».

Қыпшақтардың күшеюінен және өзі шекараларына жақындауынан кауіптенген: Хорезм шахы.

Қыпшақ хандары: Алып-Дерек, Қадыр-Буке.

Хорезм шахы Текеш 1195 жылы Сығанақты басқарып отырған қыпшақ билеушісіне қарсы жорыққа аттанады: Қадыр-Буке ханға.

ХІІІ ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін шайқастар өтеді: Хорезм шахы мен Қыпшақ хандығының арасында.

ХІІІ ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы мен Қыпшақтар арасындағы шайқас тоқтайды: Монғолдар жаулап алғанан кейін.

ХІІІ ғасырда қыпшақтардың 10 немесе 22 өгіз тартатын арба үстіне тігілген үйлер болғанын жазды: П.Карпини, В.Рубрук.

Қыпшақтардың халықаралық саудада жоғары бағаланған тауары: Жылқы.

Қыпшақ жылқылары 100-500 динарға дейін сатылды: Ауған, Иран, Египет, Үнді елдеріне.

Қыпшақтарда сиыр малының да өсірілгенін айтқан: Ибн Баттута.

Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезең: VI ғасыр.

Ұлы Жібек жолының Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп алғаш жеткен жері: Іле өзені мен Ыстықкөл.

Ұлы Жібек жолының Іле мен Ыстықкөлге жеткен бағытының оңтүстік тармағы Ферғана, Иран, Ирак, Сирия елдерінен Жерорта теңізіне жеткен.

Қазақстанда Ұлы Жібек жолы келіп екі тармаққа бөлінеді: Испиджаб.

Ұлы Жібек жолының бағыттары үнемі өзгеріске ұшырап отырды: Халықаралық жағдайға байланысты.

Ұлы Жібек жолы арқылы сатылған асыл тұқымды жылқылар тасылды: Орта Азиядан.

Жібек өндіру б.з. алғашқы кезеңінде игеріле бастады: Византия, Соғды елдерінде.

Жібек сататын орындары болған Жапонияның ертедегі астанасы: Нарға.

Жібек өндіру жандана бастаған елдер: Жапон елі, Кавказ жері.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс қатты байқалды: Музыка саласында.

Әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медіреселердің орындары табылған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Тараз, Баласағұн, Испиджаб.

Ұлы Жібек жолының оңтүстік-батыс Жетісу жерінен шығысқа бет алатын бағыты: Тараз, Алмалы, Жаркент арқылы өтеді.

Тараз, Сарқаннан шыққан Ұлы Жібек жолының солтүстік-шығыс Қазақстанға бағытталатын бөлігі басып өтеді: Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.

Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың басты орталықтары саналған қалалар: Тараз, Испиджаб.

Ұлы Жібек жолының Отырардан шыққан бір жолы барған қала: Шауғар.

Ұлы Жібек жолының Хорезм мен Үргенішті, Еділ бойы мен Кавказды байланыстырған тармағы негізгі сауда жолдарының біріне айналды: Алтын Орда кезінде.

Ұлы Жібек жолының Орталық Қазақстанға баратын бағыты: Сығанақ, Ақсүмбе арқылы.

Ұлы Жібек жолының Сауран қаласынан шыққан Орталық Қазақстанға баратын бағыты: Қарақұрым арқылы өтеді.

Ұлы Жібек жолының әсерімен өркендей түскен қалалар: Тараз, Сайрам, Отырар, Йасы, Талғар.

Орта ғасырда Оңтүстік Қазақстан жерінде қалалардың топтаса орналасқан жері: Арыстың Сырдарияға қосылатын тұсы.

Шаштан басқа елдерге сүйекпен қаптап, күміс жалатқан ерлер, жебе қорамсақтары шығарылғаны жайында айтқан: Әл-Макдиси.

Орта ғасырда ақ матамен айырбас сауда жасалған қалалар: Ферғана, Испиджаб.

Арыстан бейнесі бар терракоталық тақталар табылды: Қызылөзен.

Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы айтылады: Араб-парсы жазбаларында.

Қойға табыну салты өріс алған аймақ: Сырдария.

Оғыздар мен түркімендерде кең тараған салт: Қойға табыну (тотем).

Әбу Райхан әл-Бирунидың еңбегі: «Асыл тастар».

Махмұд Қашқаридың «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазудағы мақсаты түрік тілдерінің мәртебесін көтеру екенін жазған орыс тарихшысы: А.Н.Кононов.

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі жазылған тіл: Түрік.

Шыңғыс ханы тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы: Торы.

Шыңғыс хан кезіндегі Моңғолия әскери әкімшілік аймағының сол қанаты: Жоңғар.

Шыңғыс ханның «Жасақ» заңының бірінші бөлімі: Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздер, екінші бөлімі әскери, азаматтық істер.

«Жасақ» заңы Моңғол өкімет билігінің жоғарғы органы: Құрылтай (жылына бір рет шақырылды).

Шыңғыс хан кезіндегі құрылтайда талқыланатын басты мәселе: Алдағы болатын соғыс жоспары.

1207-1209 жылдары Шыңғыс хан бағындырды: Таңғұттарды, Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды.

Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған Шыңғысханның баласы: Жошы.

Монғол шапқыншылығынан кейін XIII-XIV ғасырларда Жетісу жерінде қалған аймақтардың саны: 20-ға жуық.

Шағатай ұлысының орталығы: Алмалық.

Шығыс Түркістан жері қараған ұлыс: Шағатай.

Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет: Алтын Орда.

Алтын Орданың астаналары: Сарай-Бату, Сарай-Берке.

Алтын Орда атауы орыс деректерінде пайда болды: XVI ғасырдың аяғында.

Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы: Жувейни.

1235 жылы бүкілмонғолдық құрылтайда қабылданған шешім: Батысқа жорық жасау.

1262 жылы Алтын Орда ханы Беркемен достық қатынас орнату үшін елші жіберді: Мәмлүк (Египет) сұлтаны Бейбарыс.

Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкілмонғолдық құрылтайға қатынасудан бас тартқан Алтын Орда ханы: Берке.

Алтын Орда өзі алдына тәуелсіз, күшті мемлекет болды: Беркенің кезінде.

Алтын Орда ханы Меңгу-Темірдің 1271 жылы Византияға қарсы жорыққа шығу себебі: Египетпен байланысына кедергі жасағаны үшін.

Алтын Орда мен Византия арасындағы бейбіт келісімның Алтын орда үшін маңызы: Жерорта теңіз бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты.

1290-1312 жылдары билік құрған Алтын Орда ханы: Тохты.

Алтын Ордада билікке жиырмадан астам хан болып, бірін-бірі өлтірген кезең: 1357-1380 жылдар.

Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін қолына алған хан: Тоқтамыс.

Мауараннахр мен Кавказ елдеріне жорық жасаған Алтын Орда ханы: Тоқтамыс.

Алтын Орданың іс жүргізу жұмыстары жүргізілген жазу: Ұйғыр жазуы.

Алтын Ордада іс-қағаздарын жазушыларды атады: «Білікшілер».

Алтын Ордада салық жинаумен шұғылданды: Даруғалар.

Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айналды: XIV ғасырда.

Ұрыс хан 1368-1369 жылдары теңге соқтырған қала: Сығанақ.

1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарайды, Кама бұлғарларын бағындырды: Ұрыс хан.

Әмір Темір 1395 жылы Ақ Орда тағына отырғызады: Қойыршақ оғланды.

Шағатай хан өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға берген жер: Манлай-Сүбе (Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі жер).

Моғолстан хандығы жайындағы еңбек: «Тарихи-и Рашиди».

«Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол» — деп айтылатын еңбек: «Тарихи-и Рашиди».

Моғолстанның солтүстік шекарасы: Көкшетеңіз (Балқаш).

Моғолстандағы дулат тайпасының мұралық лауазымы: Ұлысбегі.

Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған Моғолстан ханы: Тоғылық-Темір.

Тоғылық-Темір Мауараннахрға жорық жасады: 1360-1361 жыл.

Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін билік таласқан оның балалары: Жүніс пен Есен-бұға.

Әмір Темірдің шыққан тегі: Монғолдың түркіленген барлас тайпасы.

1376 жылы дүние салған Ақ Орда ханы: Ұрұс хан.

Темір-Мәлік 1377 жылы Тоқтамысты жеңеді: Сауранда.

Әмір Темірдің көмегімен Ақ Орданың билеушісі болды: Тоқтамыс.

Әмір Темірдің 1376 жылы Моғолстанға аттандырған қолын басқарды: Сасы-Бұға.

Әмір Темірге қарсы одақ құрды: Ақ Орда мен Моғолстан.

1390 жылғы жорықтан кейін Темірге толық тәуелділікке түсті: Моғолстан.

Ноғай Ордасы орналасты: Қазақстанның солтүстік-батысында.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы: Сарайшық.

Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған қала: Сарайшық.

Маңғыт елінің Едігеге арнап шығарған эпосы: «Едіге жыры».

Едігенің билік жүргізген кезде Ноғай Ордасының жері ұлғайды: Батыс Сібір ойпатына дейін.

Тоқтамыс хан қайтыс болған соң Едігенің билігін мойындаған тайпа: Тайбұға.

Батыс Сібір тайпаларымен көрші қонып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы: Қыпшақтар.

Батыс Сібірдегі түрік тілдес тайпалар бірлестігінде басты рөл атқарды: Керейіттер.

1428 жылы Әбілқайырды хан сайлағанда қатысқан ақсүйек-шонжарлардың саны: Екі жүзден астам.

Әбілқайыр хандығының шығысындағы шекарасы: Балқаш.

Әбілқайырда хан сайлағанда қатысты: Жиырмадан астам тайпа өкілдер.

Әбілқайыр Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өзіне қаратады: XV ғасырдың 40-жылдары.

Әбілқайыр хан көп уақыткүш-жігерін жұмсаған жер: Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары.

1431 жылы Әбілқайыр Тоқа-Темір ұрпақтарын жеңген жер: Екіретүп.

Орта Азия мен Дешті-Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы болған қала: Сығанақ.

Әбілқайыр Самарқан қаласын басып алды: 1446 жылы.

1377-1378 жылы Әмір Темірге қашып барған Ұрұс ханның әскербасы: Ұрұқ- Темір.

Жергілікті тұрғындардан белгіленген салықтан артық алуға тыйым салған құрылтай өтті: 1269 жылы Талас жағасында.

Ғұндар келгенге дейін Қазақстан тұрғындарының нәсілдік белгісі: Еуропоид.

Монғол шапқыншылығынан кейін қазақ жерінде пайда болған түркіленген этникалық топтар: Маңғыт, барлас.

Ақ Орда тайпаларында басым болған: Қыпшақтар.

XIV-XV ғасырларда Қазақстанда әр түрлі хандықтардың болуына қарамастан бірыңғай сөйледі: Түрік тілінде.

Жетісу аймағындағы ру-тайпалардың Орта Азияға, Орталық Қазақстанға қарай көшуі этносаяси қауымдастықты әлсіретті: Моғол хандығындағы.

XV ғасырдың ІІ жартысы, XVI ғасыдың басында қазақ халқының этникалық жағынан шоғырлануын күшейткен оқиға: Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.

«Қазақ» сөзінің пайда болған уақыты: Көне түрік дәуірі.

XIV ғасырдан бастап «қазақ» сөзі ие бола бастайды: Этникалық мағынаға.

Ру таңбалары бар таңбалы тас табылды: Қараман ата мешіті жанынан.

Қола дәуірінен бастап жалғасып келе жатқан салт-дәстүр: Отқа табынушылық.

XIV-XV ғасырлар аралығында ислам дінімен қатар кейбір нанымдары өмір сүрді: Шаманизм.

ХІІІ ғасырда сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді: Монғол шапқыншылығы.

Қазақ хандығы құрылу қарсаңында қоңыраттар мекендеген өңір: Түркістан мен Қаратау аралығы.

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында жалайырлар мекендеген өңір: Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу.

Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі: Әбілқайыр хандығындағы тоқтаусыз өршіген соғыстар.

Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарыс алу себеі: Әбілқайыр хан Темір әулетіне қарсы одақ құру.

Жәнібек ханның әкесі: Барақ хан.

1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасады: Түркістанға.

1470 жылы Жәнібек хан бастаған қол шабуыл жасады: Созаққа.

XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына кірген қала: Созақ, Сауран, Сығанақ.

Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін талас-бәсекеге түскендер: Әбілқайыр әулеті, Әмір Темір әулеті, Моғолстан.

Сауран түбінде қазақтардан жеңілген Шайбани хан қашты: Бұхараға.

Сығанақ түбінде жеңілген Шайбани хан қашты: Маңғыстауға.

XV ғасырдың 80-жылдары Шайбани хан Қазақ хандығына қарсы шабуылға шықты: Моғолстан ханының қолдауымен.

Қазақ хандары Шайбаниға қарсы күресте бірікті: Әмір Темір ұрпақтарымен.

XVI ғасырдың бас кезінде таққа отырған Жәнібек ханның ұлы: Қасым.

XVI ғасырдың бас кезінде билік құрған хандар: Бұрындық пен Қасым.

Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының экономикалық жағдайы: Нығая түсті.

Бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды: Қасым.

Қазақтардың этникалық аумағының негізгі аудандары Қазақ хандығына біріге түсті: Қасым хан тұсында.

Қасым ханның кезіндегі Қазақ хандығының батыс солтүстік шекарасы: Жайық өзенінің алабы.

Қасым ханның кезінде астана ролін атқарған қалалар: Сығанақ, Сарайшық, Түркістан.

Моғолстан ханы Саид шайбандықтарға қарсы күресте көмек сұрайды: Қасым ханнан.

Қасым хан кезінде Қазақ хандығының құрамына кірмеді: Шығыс Түркістан.

Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайтты: Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі.

XVI ғасыр Қазақ хандығы үшін: Дәуірлеу кезеңі.

Ноғай Ордасымен, Орта Азияхандықтарымен, Сібір хандығымен, Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатқан: Хақназар хан.

Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығына қарайтын ру-тайпалар қыстады: Қызылқұм мен Сыр бойына.

Хақназар кезінде Қазақ жасақтарының тегеуірінді шабуылына шыдамаған ноғайлар ығысты: Дон даласына.

Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу ниетімен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандығына қарсы соғыс бастаған Моғолстан ханы: Абд ар-Рашид.

1570 жылдары Хақназардың билігінде болған өңір: Шу, Талас өңірі.

XVI ғасырдың ортасында Қазақтарға жиі шапқыншылық жасағандар: Сібір ханы мен Моғолстан билеушілері.

1598 жылы Тәуекел басып алады: Ташкент, Самарқан қалаларын.

Тәуекел 1598 жылы 70-80 мың қолмен қоршауға алады: Бұхара қаласын.

XV-XVI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасқан: Қазақ жүздері.

XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығының дүниеге келуіне, саяси-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты әсер еткен қалалар: Оңтүстік Қазақстан қалалары.

Отырар қаласы монғол шапқыншылығынан кейін қайта жанданып, өмір сүрді: XVII ғасырға дейін.

Отырар қаласында мешіт-медреселер салынды: Ерзен хан кезінде.

1643 жылғы Орбұлақ шайқасын ұйымдастыруға қатысқан батырлар: Шапырашты Қарасай, Арғынтай, Найман Көксерек, Алшын Жиембет.

XVII-XVIII ғасырларда қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады: Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1681-1685 жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп қиратқан қала: Сайрам.

1681-1685 жылдары Оңтүстік Қазақстанға басып кірген жоңғар әскерінің бір бөлігі жетті: Сарысу өзеніне дейін.

Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды: XV ғасырда.

XVI-XVII ғасырлардағы қазақ мәдениетіне ауыр зардабын тигізді: Жоңғар шапқыншылығы.

«Едіге», «Ер Сайын» жырлары алшындар арқылы, «Ер Көкше», «Базар батыр» керейлер тілінде, «Талас ескерткіштері» дулат-үйсін тілінде, «Наһжи әл Фарадис» кердері тілінде, «Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде тарады.

Қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын болжайтын тәжірибелі адамдар шықты: XV-XVII ғасырларда.

Түндегі жүріс бағытты бағдарлауға пайдаланған жұлдыз: Темірқазық.

Бойжеткен қыздар киген бас киім: Аң терісінен тігілген бөрік.

30-40 жастағы әйелдер киген бас киім: Кимешек.

Жасы келген әйелдер киген бас киім: Күндік.

Ірімшік жасалды: Сиыр мен қой сүтінен.

Орта ғасырлардағы кең тараған ертегі: «Аламан мен Жоламан».

Қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатыны туралы жазған: Плано Карпини, В.Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб.

Қамыстан немесе ағаштан жасалған музыка аспабы: Сыбызғы.

Аңыз бойынша жеті баласының өліміне қайғырған жағдайға байланысты дүниеге келген саз аспабы: Жетіген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың 1541-1546 жылы Кашмирде парсы тілінде жарық көрген еңбегі: «Тарих-и Рашиди».

Оңтүстік және Шығыс қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала, егіншілік, мәдениеті жайында, Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себебі айтылатын еңбек: «Тарих-и Рашиди».

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жетінші атасы: Әмір Поладшы.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жетік білген тілдері: Араб, парсы.

Қадырғали Жалайыри «Шежірелер жинағын» жазды: 1600-1602 жылы.

Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі болды: Қадырғали Жалайыри.

1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен орыс әскерлерінің тұтқынына түскен: Қадырғали Жалайыри.

1854 жылы Қазан қаласынан жарық көрген Қадырғали Жалайыридың еңбегі: «Шежірелер жинағы».

Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегінде: Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.

Қолжазбасы Ташкентте сақталған Өтеміс қажының еңбегі: «Шыңғыснама».

XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-моғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалатын еңбек: Шах-Махмұд Шорастың «Тарих» еңбегі.

Масуд ибн Усман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегінде баяндалады: Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың тарихы.

Добавить комментарий