Қазақстан тарихы 8–сынып. таблица

8–сынып.

1. Қазақ-жоңғар соғыстары.

Жыл.

Соғыс барысындағы оқиғалар.

1635 ж.

Батыр қонтайшы Жоңғар хандығын құрды. Халық саны 1 млн. 17 ғ аяғында жоңғарларда білтелі мылтық пайда болды. Зеңбірек құюды жоңғарларға тұтқын швед Ренат үйретті. Жоңғар әскерінің саны-100 мың жауынгер.

1640 ж.

Жоңғарларда «Далалық жарғы» деген заңдар жинағы пайда болды.

1698 ж.

40 мың жоңғар әскері Ұлы жүз аумағына шапқыншылық жасады.

1710 ж.

Қарақұмдағы бас қосу. Мақсаты: жоңғарларға қарсы бірлесіп күресу. Біріккен халық жасағы құрылды. Оның жалпы басшысы Әбілқайыр болды.

1713 ж.

Цеван-Рабтанның қазақ жеріне сәтсіз жорығы.

1718 ж.

Жоңғарлардың Түркістанға жорығы. Қазақтар 30 мың әскер жинады. Аягөз шайқасы. Басқарғандар: Қабанбай, Жауғашар.

1722 ж.

Қытай императоры Канси өлді. Жоңғария Қытаймен бейбіт келісімге келді.

1723 ж.

Әбілқайыр Кіші жүз ханы болып сайланды.

1723-27 жж.

«Ақтабан шұбырынды». Әсіресе ойрандалған-Жетісу. Орта жүз рулары Самарқанға, Ұлы, Орта жүз рулары Ходжентке қарай ығысты. Жоңғар билеушісі-Цеван-Рабдан. Қожаберген жырау «Елім-ай» зарлы жырын шығарды.

1724 ж.

Кіші жүз ханы Әбілқайыр Түркістанды азат етті. Әбілқайырда 50 мың қазақ-қарақалпақ әскері болды.

1725 ж.

Жонғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды.

1726 ж.

Ордабасыдағы құрылтай. Үш жүз қазақтарының біріккен қимылдары басталды. Бас қолбасшы Әбілқайыр, бас сардарбек Бөгенбай. Батырлар: Қабанбай, Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат.

1726 (1728) ж.

Бұланты шайқасы. Торғай даласы, Сарысудың орта ағысы. Басқаша атауы-«Қалмақ қырылған», «Қара сиыр». Қазақ-қырғыз саны 60 мың болды.

1730 ж.

Аңырақай шайқасы. Балқаш көлінің оңтүстігінде. Шайқасқа басшылық еткен Әбілқайыр. Осы шайқастан кейін тақ үшін талас басталды. Ұлы хан Болат өлді. Қазақтың ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болды. Бірақ ұлы хан болып Әбілмәмбет сайланды. Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен Орта жүз ханы Сәмеке әскерлерін алып кетті.

1741-42 жж.

Жоңғар шапқыншылығы. Басқарған-Галдан-Церен.

2. Абылайдың хандығы (1711-81 жж). Абылай шығыстың жеті тілін білді. 20 кұй шығарды. 1771 ж Абылай Түркістанда қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Жетісуда Әділ мен Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым, Ертіс өңірінде Сұлтанбет, Шығыс Қазақстанда Әбілпейіз. Абылай егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылайдың мирасқоры Уәли болды.

Жеке мемлекеттермен қатынастар.

Тарихи мәліметтер.

Қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары.

Абылай 15 жасынан жоңғарларға қарсы күреске ат салысты. 1741-43 жж Абылай жоңғар тұтқынында болды. 1745 ж Қалдан – Церен өлімінен кейін жоңғар тағына Лама Доржы отырды. Сол таққа дәмелілердің бірі — Әмірсана Абылайдан пана табу үшін Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 ж жоңғарлардың Орта жүзге басып кіруіне себепші болды. 1755 ж көктемде Әмірсана жаңа қонтайшы Дабашыны жеңу және өз елінде билеуші болу мақсатында Цин әскерін бастап, Жоңғарияға басып кірді. Жоңғар-Қытай соғысы басталды. 1755 ж жазына қарай Жоңғария жаулап алынды. 1755 ж шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. 1755 ж шекара мәселелерін реттеу үшін Қытай Абылайға арнайы елшілік жіберді. Алайда Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алғанын мойындағысы келмеді. Керісінше ол Әмірсананы қолдауын тоқтатпады. Әмірсананың қалмақтардың ханы болу тілегі Қытайдың қарсылығын туғызды. Әмірсана екінші рет Абылайдың иелігіне қашты. Жауап ретінде Фу Дэ және Чжао Хой басқарған Цин әскері 1756 ж наурызда Қазақстан шекарасына дейін жетті. 1757 ж маусымда қытай әскері Қазақстан шекарасына басып кірді. Әмірсана отбасымен Тобольскіге аттандырылды. Абылайға көмекке Кіші жүз сұлтаны Ералы келді. Тарбағатай тауының солтүстік сілемдерінде 1757 ж жазында қазақтар мен қытай әскері арасында соңғы ірі шайқас болды. Екі ел арасында келіссөздер басталды. 1757-60 жж қазақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың билігін мойындады. Нәтижесінде 1767 ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына берді. Сөйтіп, XVIII ғ 20-30 жж жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтардағы жайылым жерлер дипломатиялық жолмен қайтарылды. Ал Жоңғария 1758 ж толық талқандалып, дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды. 1 млн қалмақ қырғынға ұшырады. 1761 ж Жоңғария жерінде Қытайдың жаңа империялық әкімшілік бірлестігі – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды. 1771 ж Абылай қалмақтарға қарсы «Шанды жорыққа» қатысты.

Қазақ-орыс қатынастары.

1740 ж Орта жүз ханы Әбілмамбет пен Абылай Орскге келіп, Ресейдің билігін мойындады. Орынбор комиссиясының төрағасы Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресейдің құрамына қабылдау еді. Алайда Абылай уақытша Орынбор әкімшілігінен қол үзді. Оның себебі: Абылайдың жоңғар тұтқынына түсіп қалуы. 1759 ж патша үкіметі Абылайға Әбілмамбеттің орнына отыруға ұсыныс жасады. Сұлтан бұл ұсынысты қабыл алмады. 1778 ж II Екатерина патшайым Абылайды Орта жүз ханы етіп бекітті.

Қазаққырғыз қатынастары.

Абылай қырғыздарға қарсы 3 жорық ұйымдастырды: 1765, 1770, 1779 жж.

Орта Азия елдерімен қатынас.

XVIII ғ 70 жж Абылай Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Өзбектерге ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларын қайтарып алды.

3. Қазақтардың 1812 ж Отан соғысына қатысуы.

I. Қазақстанның экономикалық көмегі. 1812 ж. Отан соғысы кезінде орыс патшасы – I Александр, Орынбор губернаторы– Волконский. Волконскийдің соғыс туралы хабары қазақ ауылдарына 1812 ж қазан қарашасында жетті. Қазақтар соғысқан әскери құрамалар: башқұрт, тептяр полктері.

Өлке.

Көмегі.

Бөкей Ордасы

1804-1815 жж. Бөкей Ордасынан 48 мың жылқы сатып алынды.

Орынбор губерниясы.

40 кавалериялық полк құрылды.

Риддер, Зыряновск, Белоусовка кеніштері

Мыс, қорғасын балқытуды үдетті.

Елтон кәсіпорны.

Майданға 1 млн пұт тұз жөнелтті.

Тұз өндіруші қазақтар. Жаңа оқулықта-Риддер, Зырян кеніштерінің жұмысшылары.

22 мың сом ақша жинады.

II. Қазақтардың шайқастарға қатысуы.

Есімі.

Шайқас.

Марапаты.

Майлыбайұлы.

Бородино, қыркүйек, 1812 ж.

Күміс медаль.

Зындағұлұлы.

Бородино.

Көгілдір ленталы медаль.

Құлшоранұлы, Азаматұлы.

Малаево Болото, Левия.

Хорунжий атағы.

Хамитұлы.

Вязьма.

3-дәрежелі «Қасиетті Анна» ордені.

Жанжігітұлы, Байбатырұлы.

Лейпциг, Глогау, Веймар, Ганау, Франкфурт.

Байбатырұлы — жауынгер-ақын. Күміс медальмен марапатталды. 1853 ж Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына, Ақмешітті алуға, Сырдария қазақтарын Қоқан езгісінен босатуға қатысты. Жанжігітұлы – «Георгий» орденінің кавалері. 1837 ж Орынборда II Александрмен кездесті. Екеуі де орыс әскерінің шетел жорықтарына қатысты.

Беляков, шоқынған қазақ.

Лейпциг, Веймар, Ганау.

Орыс әскерінің шетел жорықтарына қатысты. Кутузовтың қолынан награда алды.

Тілекұлы.

Старшын. Жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырды.

Шашубайұлы, Әубәкірұлы.

Ерен ерліктің үлгісін көрсетті.

4. Қазақстан жеріндегі көтерілістер. І. Башқұрт халқының көтерілістері.

Жыл.

Көтеріліс.

1735-37 жж.

Башқұрттардың бірінші көтерілісі. Бұл котерілісті басуда орыс үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды.

1740 ж.

Башқұрттардың екінші көтерілісі. Қарасақал басқарды. Башқұрттармен бірге қазақтар және қарақалпақтар қатысты.

1755 ж.

Башқұрттардың кезекті ірі көтерілісі. Батырша басқарды. 50 мың адам Кіші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ билеушілеріне башқұрттарды үстап беруді немесе қуып шығуды ұсынды. Ұсынысты Нұралы хан бастаған топ қана қуана қарсы алды. Неплюевтың ұсынысы мен Нұралының әрекеттері қазақ пен башқұрт арасында көп жылдарға созылған алауыздық туғызды. Ол туралы XIX ғ 30 жж Левшин былай деп жазды: «Қантөгіс азайғанымен екі туысқан халықтың арасындағы қастандық осы уақытқа дейін сақталып келеді».

 

Скачать

 

 

 

 

Добавить комментарий