Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс!

ХХI — ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда, ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде «орын әзірлеп» жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер — тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик — бұл мамандық туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл — жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер — компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер — сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер — сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер — сайт үшін контент құрушы;

коучер — қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер — әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер — жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье — ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай.

Бірақ бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатқаны анық.

Дегенмен, бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін жай ғана веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар — менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар — хаус-киперге айналды.

Соған қарамастан, жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер. Компьютер алдында отыратын қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге тікпейді.

Алайда жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет.

Нәтижесінде, қорытынды ой туады. Осы мамандықтар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болғанымен, жастарға мойындарын бұру қажет пе?! Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша, «Кадрлық резерв», «Дипломмен ауылға», «Қайта оқыту және даярлау» сыңды мемлекеттік бағдарламалар құрып, ЖОО бөлінетін грант саның артыруда. Жастардың жұмыс істеу үшін бар жағдай жасалып, таңдау мүмкіншіліктері орасан зор. Сонда кім қай жолмен баратыны әр азаматтың өзінің еркіндігінде. Жалпы қайда барсақ та, аман болайық! Әйтеуір ертең алған білімді және өмірлік тәжірбиемізді игі істер үшін пайдалана алсақ болғаны….

Добавить комментарий